Өнер орталығында қала әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар балғындар, сондай-ақ көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары және жыл бойында жетістікке жеткен талантты да дарынды оқушылар қатысты.
Жаңа жылдық шырша тойы жас өнерпаздар дайындаған қойылыммен басталды. Одан соң қала әкімі Нұржан Ахатов балаларды мерекемен құттықтады.
НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ
қаламызда көптеген нысандар салынып жатқанын жақсы білесіздер,спорт кешендері, өнер орталықтары болсын, бұның барлығы сіздер үшін жасалып жатқан дүние,сіздерге осы жасалып жатқан іги істер.Сондықтан мемлекетімізде, осы жердегі ұстаздарда, ата-аналарда сіздерге сенеді, жалпы қоғам сіздерге сенеді. Біздің еліміздің қазақ елінің атын шығарып, алдағы уақытта өркендеуіне үлес қосатын үлкен нар тұлғалы азамат болып қалыптасатындарыңызға біз сенемін. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Биыл мерекелік шараға 100 бала шақырту алған. Олардың әрқайсысына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ – ТІЛШІ
Мына біз тұрған өнер орталығы ертелігер әлеміне айналғандай. Ақшақар, Аяз ата мен түрлі ертегі кейіпкерлері бәрі-бәрі мерекелік кештің көркін қыздыруда. Ал әсем безендірілген шыршаны айналып әндеткен балалардың қуанышында шек жоқ.
маған қатты ұнады, жылан жылы барлықтарыңызға құтты болсын, мен Махамбет ауылы, 268 мектеп оқушысы 5 в сыныбының үздік оқушыларының бірімін, барлық Қазақстанның тұрғындарына жаңа жыл құтты болсын деймін
Маған жаңа жыл қатты ұнады, менің көңіл күйім жақсы, мен әкімнің қолынан подара алдым, соған қуанамын
Маған сыйлықтар берді және мен Аяз ата мен Ақшақарды көрдім, қала әкіміне рахмет айтқым келеді бізге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлағанына
Мерекелік шарада балалар би билеп, жаңа жыл әнін қосылып шырқады.
ШАКИЗАТ ЖАЛҒАСҚЫЗЫ - ТІЛШІ
-Балалар бүгінгі кеш сендерге ұнады ма?
-Иә
- Міне, мерекелік кештің қалай өткенін бүлдіршіндердің эмоциясынан білуге болады. Келе жатқан жылан жылы баршаңызға жақсылық алып келсін, жаңа жыл құтты болсын!