Қызылорда қаласының №2 сотында кәмелетке толмаған оқушыны жарты жылдан аса жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген атышулы іс бойынша жеңгетайлық еткен сауна қызметкері сотталды. Бұл дәл осы резонансты іс бойынша сот үкімі шығарылған үшінші фигурант.
Оған кәмелетке толмаған жеткіншекті бірнеше рет жезөкшелікке тартты деген айып тағылып отыр. Судьяның айтуынша сауна қызметкері қыздың оқушы екенін білген. Сөйте тұра, пайда табу үшін бірнеше ер азаматқа интимдік қызметін ұсынған. Қылмыстың барлығы тергеу барысында толық дәлелденді. 41 жастағы әйел төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбеген.
ҚАНАТБЕК АБДУЛЛАЕВ - ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
ҚР қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігінің 2-3 тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін.