Тереңөзек кентінде II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Талғат Қозыбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен турнир өтті. Жасөспірімдер арасындағы бозкілем бәсекесі биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылды.

 Талғат Қозыбаев - 2003 жылы қызметтік міндетін өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан. Ал, еске алу турнирі дәстүрлі түрде 14 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Алғашында мектепаралық деңгейде өткізілген турнирдің бүгінде ауқымы кеңейген. Бұл жолы республикалық турнирге Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарынан спортшылар қатысты. Бозкілем бәсекесінде 2014-2015 жылы туған 200-ге жуық спортшы 9 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, мықтыларды анықтады. Жарыс қорытындысында жүлдегерлерге арнайы дипломдар және медальдар табысталды.