Алдағы мереке күндері өңірдегі барлық тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әсіресе, коммуналдық қызмет түрлерінде түйіткіл болмауы тиіс. Қауіпсіздік шаралары да қаперден тыс қалмайды.
Бүгінде барлық құрылымда жұмыс кестесі бекітілді. Мамандардың айтуынша, коммуналдық салада ешқандай кедергі жоқ. Орталықтандырылған жылу жүйесіне 889 көпқабатты тұрғын үй мен 1067 әлеуметтік нысан қосылған. Оларға тұрақты түрде жылу беріліп отыр. Мереке күндері төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істемек. Айта кетерлігі, облыс бойынша ашық алаңдарда 20-ға жуық шырша құрылған. Әрбір көпшілік орынға арнайы мамандар бекітіліп, өрт қауіпсіздік ережелері бақылауға алынбақ.
НҰРСҰЛТАН ИБРАГИМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда департаментте штаб құрылған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа жылдық іс-шаралар өтетін орындардың тізбесімі қалыптастырылып, 763 нысанның тізімі нақтыланды. Олардың басым бөлігі білім беру нысандары мен балабақшалар. Барлық нысандарда қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.