Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сала жетекшісі Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге бағытталған жұмыстармен танысты.

 Қазан айында Қарағанды мен Қызылордада «Жайлы қызмет көрсету орталығы» өз жұмысын бастады. Жаңа форматтағы жоба азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсету сапасын артыру үшін мамандар арнайы оқытудан өткен.

 ЖАСЛАН МӘДИЕВ – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ

Өте ыңғайлы деп ойлаймыз. Жақсы нәтижелер көрінуде. Осындай супер цондарды басқа өңірлерде енгізуге тырысамыз.

Бұл жобаның тиімді тұсы – коммуналдық және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің бір жерде шоғырлануында. Яғни, тұрғындар бұрынғыдай жан-жаққа сабылып жүрмейді. Қажетті қызмет түрін осында ала алады. Өткен екі айда 3 мыңнан аса азамат орталық қызметіне жүгінген.

АИДА ӘБИБУЛЛАЕВА - «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

мысалға азаматтар жеке үйін рәсімдейтін болса, не басқа біреу сатып алса, барлық коммуналдық мекемелермен қызмет жасау қажет. Он күннен 1 айға дейін созылады. Осы 10 күндік жұмысты жарты сағатта бітіруге жұмыс жасап жатырмыз.

 АЗИЗА ЖОЛДАСБЕКОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Левый берг 2-ден үй алып жатырмын. Бұрын біз әр жерді аралап жүретін едік қой. Енді қазір бір жерден бітетін болыпты. ЦОН-ға келіп, бір жерден бітіріп, барлық жұмысымды уақытымды үнемдеп тұрмын.

 Бұдан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталығында «жасыл дәліз» жобасы іске асырылып жатыр. Сала жетекшісі оны жан-жақты жетілдіріп, өзге де өңірлерге енгізу керек деді. Сапар барысында жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.