Апаттар медицинасы орталығы. Мұнда шұғыл әрекетке шыңдалған мамандар жұмыс істейді. Солардың бірі – дәрігер Бақытхан Дайрақұлов. Ол төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсетіп, талай адамды ажал тырнағынан арашалап қалған. Ел алғысын арқалаған азаматпен тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы кездесіп қайтты.
Дәрігер десе, әдетте ақ халат киген абзал жан елестейді. Алайда, апаттар медицинасы орталығында мүлде басқа. Дәрігер Бақытхан Дайрақұлов оқыс оқиға кезінде құтқарушылармен теңдей тер төгеді. Сондықтан киімі де, жұмыс ауқымы да өзгеше. Үнемі шұғыл шақыртуларға дайын жүреді.
БАҚЫТХАН ДАЙРАҚҰЛОВ – ДӘРІГЕР
техногенді және табиғи апаттардың ортасында жүргендіктен әртүрлі жағдайларды көруге болады. Бір жерде күйік болуы мүмкін, бір жерде, бір жерде тоқ болуы мүмкін, бір жерде су алуы мүмкін. күннің аязы, күннің ыстығына қарамаймыз. Сол жерде жүреміз.
Апат кезінде мамандардың біліктілігінен бөлек, материалдық-база да маңызды рөл атқарады. Бақытхан Дайрақұлов дәл осы жерде алғашқы көмек көрсетеді. Қажет болса, көлік ішінде кіші операцияны да жасайды. Бұған дейін қанша адамды ажалдап арашалап қалғаны есінде жоқ. Десе де, биыл болған оқиға жадында жақсы сақталған.
БАҚЫТХАН ДАЙРАҚҰЛОВ – ДӘРІГЕР
осы жылдың жаз айында Тасбөгет кентінде өрт оқиғасы орын алып, соның әсерінен үйде кішкентай бала уланған. Ауырлық дәрежесі клиникалық смертке дейін кетіп қалған. Минуттар ғой ол кезде есептелетін.
«Апат айтып келмейді. Оны болжап-білу мүмкін емес. Бір анығы, антқа адалдық таныту – дәрігер ретінде басты міндетім» дейді мәртебелі маман.