#жәрмеңке #азық-түлік #Шиеліауданы #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv
Тасбөгет кентінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Шиелі ауданынан 90 тонна, сондай-ақ тұрақтандыру қоры ұсынған 20 тонна азық-түлік өнімдері қойылды.
Жәрмеңкеге жалпы 38 көлікпен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиырмадан астам түрі қойылды. Өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан сатылды. Картоп пен сәбіздің келісі 130-140 теңгеден босатылса, жуа 115 теңгеден ұсынылды. Ал күріштің келісі 300-350 теңге аралығында сатылды. Тұтынушылар тарапынан ет пен сүт және бақша өнімдеріне сұраныс көп болды.
МҰРАТ ӘШІРБЕКОВ – ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Біз бұған дейін де қыркүйек, қазан, қараша айларында да келіп жүрдік. Әр келгенде 180-200 тоннадай өнім алып келетінбіз. «кестеге сәйкес бұл ең соңғы жәрмеңкеміз. Бірақ сұраныстар болып жатса тағы да өткізуге дайынбыз. Өйткені біз аудан орталығынан да осындай жәрмеңкелер ұйымдастырамыз. Бір жағынан халыққа тиімді. Екінші жағынан мынау тауар өндірушілергедетиімді. Екі ортада делдал болмайды да. Сондықтан баға тұрақыт болады.».
МЕЙРАМБЕК СЕРІКБАЙ - ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
«біз тұрақтандыру қор әр жәрмеңкеге тұрақты түрде қатысып отырамыз. Біздің өнімдеріміз қоймамызда толық және нарық бағасынан 20 пайызға арзан. Картоп, сәбіз, жуа және дақылдар бар біздің тізімізде. Соның бәрін әлеуметтік дүкендерге, супермаркеттердің әлеуметтік бұрыштарына таратып жүреміз. Бүгін де жәрмеңкеге қатысып отырмыз, апта сайын 20 тонна өнім алып келеміз апта сайын. Ауа-райы кедергі болып қалмаса жыл соңына дейін тағы шығамыз».