Өңірімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары бекіді.

 Ассамблеяның 30 жылдығының ашылу салтанаты 2025 жылдың наурыз айында Астана қаласында өтеді. Ал, бірлігі жарасқан Сыр елінде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің қатысуымен республикалық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылады. Мұнан бөлек, Ассамблея жастарының республикалық форумы және «Достық әуені» атты республикалық әншілер байқауы өткізілмек. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов жоспарлаған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, этнос өкілдерін бірлесіп атап өтуге шақырды. Ал, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Ассамблеяны құру жолында еңбегі сіңген азаматтардың тізімін жасап, арнайы фотоальбом жинағын шығаруды тапсырды.

РУСЛАН КАЮПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \ Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан мерекелік концерттік бағдарламаға қолдау білдіруді сұраймын. Сондай-ақ, республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Анаға тағзым» республикалық форумын Қызылорда облысында өткізу енгізілген. Осы ретте, облыстық қоғамдық даму басқармасы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Анаға тағызым» орталығымен бірлесіп, одан бөлек жақын өңірлер арасында «Достық» кубогіне арналған шағын футболдан турнирді облыстық денешықтыру, спорт және туризм басқармасымен бірлесіп ұйымдастыру ұсынылады.