Мәдениет және спорт министрлігі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» заңға өзгерістер енгізді. Жаңа ережеге сәйкес, енді көрнекті тұлғаларға бір елді мекеннен бірнеше ескірткіш салып, асыра дәріптеу ісі тоқтатылады. Осы және өзге де жаңашылдықтар өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды.
Жаңа өзгеріске сәйкес, көрнекті тұлғалардың ескерткіштерін жеке аумақта орнатуға тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, ескерткіштердің сыртқы бейнесі шығармашылық байқаулар қорытындысы бойынша анықталады. Республикалық комиссияның қарауына кемінде 3 жұмыс жобасы ұсынылуы тиіс. Шыны керек, елімізде бір-біріне ұқсаған ескерткіш монумент көбейді. Мәселен, тұлпар тақымдаған батырлар бейнесі барлық аймақта бар. Енді осындай қайталама жобаларға да шектеу қойылады. Ең бастысы, енді көрнекті тұлғаларға бір елді мекеннен бірнеше ескірткіш салып, асыра дәріптеу болмайды.
ЕРҚАЗЫ АЛДАНАЗАРОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Құрылыс мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланатын орындарға орнатылуы керек. Яғни, жеке аймаққа орнатылмайды. Осыны баса назарға алу керек. Сондай-ақ, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаға бір ғана құрылыс орнатылады. Білесіздер, бір тұлғаға бірнеше ескерткішт орнатылған кезеңдер болды. Оның бәрі тоқтатылып осындай өзгеріс енізіліп отыр.