#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #кадр#тағайындау
Облыстық әкімдікте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Аймақ басшысының төрағалығымен өткен актив отырысында Дін істері басқармасы мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына жаңа басшы тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалды. Мира Жомартқызы еңбек жолын 2005 жылы мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында бастаған. Әр жылдары қызметте сатылап өсіп, қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымдарында абыройлы еңбек еткен. 2023 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Ал облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы болып Жанмұрат Сейілов тағайындалды. Еңбек жолын облыс әкімдігі аппаратының инспекторы ретінде бастаған ол қала әкімінің орынбасары, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарды. 2024 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Нұрлыбек Нәлібаев жаңа лауазым иелерінің жұмысына сәттілік тілеп, абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ - «Мира Жомартқызын таныстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жақсы білесіздер, тәжірибелі басқарма басшыларының бірі. қаншама жылдан бері мемлекеттік қызметте абыройылы қызмет етіп келе жатыр. енді осы алдағы қызметін дін істері басқармасында басшы ретінде жалғастыратын болады. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін. Мемлекеттік қызмет істьері агенттігі мен мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен Мәдениет, архивтер және құжаттама басышысы лауазымына Жанмұрат Жақсымұратұлы тағайындалды».