#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ұлттыққұрылтай#білім

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев білім саласы қызметкерлерімен кездесті Жиында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысындағы мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болып, алдағы жоспарлар баяндалды.

 Қасым Жомарт-Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Отандық ғылымның әлеуетін арттыру, білім беруді дамыту және жастарды тәрбиелеу үшін жүйелі шаралар қабылдауымыз керек» деген болатын. Өңірде осы бағытта байыпты бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу мақсатында білім нысандарының жанынан қосымша ғимараттар салынса, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «жайлы мектептер» пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы да төрт «жайлы мектептің» құрылысы аяқталмақ. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов білім саласында атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстарды баяндады. Ал, №3 ІТ-мектеп лицей директоры Ләззат Әбенова білім саласында қолға алынған реформалардың оң нәтиже беріп жатқандығын айтты. Жиын соңында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай бойынша 53 тармақтан тұратын құжатқа қол қойды. Ендігі міндет Президент тапсырмаларын сөз жүзінде емес нақты іспен жүзеге асыру керек, - деді.