#qyzylordatv #тазақазақстан

Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістермен қатар Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарды қоғамда берік орнықтыру кезеңіне жол ашады. Мәселен бүгіннен бастап абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енді. Яғни, жеке үй иелері енді тек өз ауласын ғана емес, қоршаудың сыртындағы аумақты да күтіп ұстауы керек. Тәртіпке бағынбай тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс тастаған, айналаны ластаған азаматтарға 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

 ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ

Тазалық табалдырықтан басталады. Сондықтан әрбір тұрғын өзінің үйін, ауласын, көшесін таза ұстау керек. Егер тазалыққа мән бермей, есігіңіздің алдына күл-қоқыс тастасаңыз, тіпті арам шөпті жұлмасаңыз айыппұл арқалайсыз

«Айналаны таза ұстау–парасаттылықтың үлгісі»,-дейді Тасбөгет кентінің тұрғыны Рамазан Молдашев. Еңбек ардагерінің пікірінше, енді қоршаған ортаға деген жауапкершілік күшейеді.

РАМАЗАН МОЛДАШЕВ, ТАСБӨГЕТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Көшенің тұрғыны болғаннан кейін міндетті түрде тазалық сақтау керек. Үйінің айналасының, көшенің. Бізде кейбір жағдайда тұрғындар көшеге апарып тастайды. Таза Қазақстан деген ұғым қазір бағдарлама болып, бірінші шілдеден бастап тазалықты бақылау қатаңдау болады ағайындар. Бұған есігігіңнің алдында қосымша жер болады сол жер таза болу керек, арам шөп өспеу керек. Мұны бала-шағаға насихаттап отыру керек

 Тазалыққа байланысты жаңа ережеде тұрғындар өз учаскесін ғана емес есігінің айналасындағы аумақты да күтіп ұстауға міндетті. Яғни, көшеге құрылыс материалдарын, бөлшектелген немесе істен шыққан көліктерді, ағаш, бұталарды, тұрмыстық қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Әрине, ережеге енжар қарағандарға бірінші ескерту беріледі, егер ескертуді елемесе 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 129 750 теңге айыппұл салынады.

АЙДЫН ӘНУАР, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тұрғын үйлер заңды және жеке тұлғалардың өздеріне қарасты аймақтарды 5 метрге дейін тазалықтарын сақтау, арамшөптерді жұлу, орып отыру уақытылы. Одан бөлек біздегі ортақ пайдаланатын аймақтарға ұзақ мерзімге автотұрақтарға автокөлік қоюға тыйым салынады, көгалдандырылған, абаттандырылған аймақтарға зақым келтіру сосын көгалдандырылған талдарды өз еріктерімен балақтау, жұлу, шабу деген нәрселерге тыйым салынады. Алдағы уақытта осымен жұмыс жасалатын болады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес 10 мрп мен 20аек дейін айыппұлдар көзделінген болады.

 Тағы бір ескеретін жәйт, тұрғындар ауласында қураған ағаштарды, қоқыстарды жағуға болмайды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй иелері қасбет, қақпа мен қоршаудың жай-күйін бақылап, оларды уақтылы жөндеп, сырлап тұруы тиіс.