#qyzylordatv
Еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Бүгін - Елдің басты құжаты Жаңа Конституция күшіне енді. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциялық соты ресми жария етті. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған тарихи құжат мемлекеттік басқару жүйесін, қоғамның даму бағытын түбегейлі өзгертпек.
Жаңа Конституцияда Преамбула, 11 бөлім мен 95 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бап жаңарды. Жалпы Конституция мәтінінің 84%-ы өзгерген.
Сонымен қатар Конституциялық заңдармен реттелетін мәселелердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық мәртебесі, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот, сот жүйесі, арнаулы құқықтық режимдер және мемлекеттік құрылыстың өзге де мәселелері енгізілді.