#qyzylordatv
Сонымен бүгін жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – жаңа үміттің, жаңа жауапкершіліктің, жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Аталған мазмұнда аймақтағы іргелі оқу орны – Қорқыт ата университетінің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері дөңгелек үстелде бас қосып, пікір білдірді
Заман өзгереді, қоғам өзгереді, адамдардың сұранысы да өзгереді. Және осындай өзгерістерге сай құқықтық жүйенің де жетіліп отыруы – табиғи құбылыс.
Жаңа Конституция – әсте өткенді жоққа шығару емес, ол жинақталған тәжірибені жаңа талаптарға бейімдеу. Ол билік пен халық арасындағы сенімді нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, әділетті қоғам қалыптастыруға қызмет етеді. Бір нәрсе даусыз - еліміздің ертеңі Ата заңға деген құрметтен басталады. Заңды құрметтеген қоғам ғана өркениетті елдердің қатарынан лайықты орын алады.
Ендеше Ата Заңның әрбір бабы азаматтың жүрегінен орын алып, әділет пен бірліктің, тұрақтылық пен дамудың темірқазығына айналсын. Өйткені Конституцияның күші – оның мәтінінде ғана емес, оны құрметтейтін халықтың санасында, - дейді студент жастар.