#qyzylordatv

Еліміздегі басты құжат жаңа Конституцияда заң мен тәртіп құндылықтарын сақтауға баса мән берілген. Бүгіннен бастап елімізде электрсамокаттарды пайдалану ережелері мен кикшеринг сервистерінің жұмысы өзгерді. Кәмелетке толмағандарға және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға самокатты жалға алуға тыйым салынады.

 Кикшеринг - бұл мобильді қосымша арқылы электросамокаттарды қысқа мерзімге жалға алу сервисі. Заң талаптарына сәйкес, жалға беруші компания самокаттарды тіркеуге, оларға сәйкестендіру нөмірін орнатуға, сақтандыруды рәсімдеуге, көліктің техникалық жағдайын бақылауға және арнайы тұрақ орындарын ұйымдастыруға міндетті болады.

Электрсамокаттармен веложолдарда, жол жиегінде және жүру бөлігінің оң жақ шетінде қозғалуға рұқсат етіледі. Арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, тротуармен жүруге шектеу қойылады. Айта кету керек, міндетті нөмірлер мен тіркеу, ең алдымен, жалға берілетін электрсамокаттарға қатысты.

НҰРСҰЛТАН ТӘЖІБАЙ – ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПРОЦЕССИНГ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ

 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жол жүру ережесі» туралы заңға өзгерістер еніп жатыр. Ол жерде кикшеринг компаниялар және жеке пайдаланушыларға бірнеше заң талаптары ұсынылып отыр. Кикшеринг компаниялары өздері беріп жатқан самокаттарға жауапты болады. Жеке азаматтарға беру барысында 18 жасқа толуын, жүргізуші куәлігінің бар болуын және сақтандыру полисінің бар болуы міндеттеледі. Азамат бүкіл заңнамалық нормаларды қолданып, жүргізуші куәлігі бар болып, сақтандыру куәлігі болып, жол-көлік оқөиғасына түсетін болса, азаматтың өзі жауапты болады, кикшеринг компаниясы жауаптан босатылады.