#qyzylordatv 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Гуманитарлық-педагогикалық институтының түлектеріне диплом табысталды. Биыл институтты 452 жас маман тәмамдады. Оның 59-ы – магистратура түлегі. Сондай-ақ 77 түлек үздік диплом иегері атанса, 6 студент Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленді.


 Бірнеше жылдық білім мен ізденістің нәтижесі – қолдағы диплом. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Гуманитарлық-педагогикалық институт түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Жиынға университет басшылығы, облыстың білім, мәдениет және бұқаралық ақпарат саласының өкілдері қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. Университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Наурызбай Байқадамов жоғары оқу орнында алған білім мен тәжірибе түлектердің кәсіби қалыптасуына берік негіз болатынын атап өтті.


 НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ 

Құрметті түлектер, сіздерді өмірлеріңізді маңызды белестерінің бірі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін сәтті бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Қолдарыңызға алғалы тұрған диплом, бұл жәй ғана жоғарғы білімнің куәлігі емес, бұл сіздердің үлкен өмірге деген жол ашар биікке апарар баспалдақтарыңыздың берік іргесі.Сіздер аймағымыздың педагогикалық,экологиялық, өндірістік, ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге белсене араласып облысымыздың серпінді дамуына зор үлес қосасыздар деп сенеміз.


 Биыл институттың 77 түлегі оқуын үздік аяқтап, қызыл диплом иегері атанды. Сондай-ақ 6 студент Президент стипендиясына ие болды. Ал халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бірқатар студент шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтады. 


АЗАМАТ АБИМОЛДА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ 

Біз үшін мереке себебі қаншама жыл бойы біз білім алдық. Бұл шаңырақ қаншама жастарды түлеп ұшырып, әрбір салада әртүрлі саласында үлкен үлес еңбекке жетуіне көп көмегін тигізуде. Сол үшін білім беру бағдарламасы бойынша өзімнің қазақ тілі мен әдебиет және журналистика кафедрасының ұстаздарына ерекше алғысымды білдіргім келеді.


 АЙҒАНЫМ ЖАМАЛОВА, БІТІРУШІ ТҮЛЕК 

Толқу сезімдемін,өйткені 4 жылдық еңбегіміз ақталып жатыр.Қаншама білім болды осы біз Қызылорда да оқып жүрсекте, Қорқытта оқысақта біз үшін үлкен маңызды бір тәжірибе болды Қорқытта оқу. Барлық ұстаздарына, мұғалімдер мен оқытушыларына үлкен алғысым шексіз.


 Айта кетейік, биыл университет қабырғасын 2600-ге жуық түлек тәмамдайды. Түлектер енді алған білімін тәжірибемен ұштастырып, өз мамандықтары бойынша еңбек жолын бастайды.