#qyzylordatv 

Жаңақорған ауданының әкімі ауысты. Кадрлық өзгерістерге байланысты Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті.


 2024 жылдан бастап Жаңақорған ауданы әкімінің қызметін атқарған Мажит Самитов ҚР Үкіметінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму бөлімі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды. Аймақ басшысы жиында алдымен аудандағы оң өзгерістерге тоқталды. 


 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

 Соңғы екі жылда өздеріңіздің қолдауларыңызбен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң динамикасы қалыптасып, аудан бюджетінің өз кірістері 3,2 млрд теңгеден 6,9 млрд теңгеге артты. Интженерлік инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. 217 млрд теңгеге инвестиция тартылды.Жалпы құны 12 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 190 жұмыс орны ашылды.


 Облыс басшысы осы кезге дейін аудан әкімі қызметін атқарған Мажит Самитовтің қажырлы еңбегі үшін облыстың ең жоғары марапаты –Құрмет грамотасын және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.


 МАЖИТ САМИТОВ 

Мен үшін Жаңақорған ауданы әкімінің қызметін атқару өмірімінің ең тағылымды белестерінің бірі болды. +Бұл маған артылған сенім мен жауапкершілік, туған жерді өркендетуге оның дамуына үлес қосуға берілген үлкен мүмкіндік болды.


 Енді ауданның жаңа әкімі – Ғалымжан Жарқынбек. Жаңақорған ауданында дүниеге келген Ғалымжан Жарқынбекұлы еңбек жолын «Казагрэкс» кәсіпорнында бастап, ауыл шаруашылығы саласында түрлі жауапты қызмет атқарған. Әр жылдары облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2021 жылдан осы күнге дейін Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.


 ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК – АУДАН ӘКІМІ

 Алдымызда Президент жүктеген маңызды міндеттер тұрғаны белгілі. Сол міндеттерді абыроймен орныдау үшін өзіңіздің басшылығыңызбен әріптестерімізбен бірге өңіріміздің дамуы мен халқымыздың игілігі үшін аянбай еңбек ете беретін боламыз. 


Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне инвестиция тарту, салық базасын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыру және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нақты әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.


 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ 

Ауданның ерекше аграрлық потенциалын тиімді пайдалануы тиіс. Соңғы жылдардағы су тапшылығын ескере отырып, егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында суды аз қажет ететін дақылдар үлесін арттыру және шаруашылықтарға озық технологияларды енгізуді жүйелі ұйымдастыру қажет.


 Жаңақорған – табиғаты көркем, тарихи-мәдени мұраға бай ауданның бірі. Сондықтан мұнда туристік әлеуетті де арттыруға мүмкіндік мол. Жиында жаңа аудан әкіміне барлық ресурсты тиімді пайдаланып, жаңа жобаларды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.