#qyzylordatv
Жаңа Конституцияны сапалы жүзеге асыру бағытында ауқымды шаралар жүзеге асады. Үкімет отырысында Премьер-министр жауаптыларға нақты тапсырма берді.
Елімізде Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты түбегейлі өзгерістер басталды. Неке және отбасы мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Діни қызмет туралы заңға түзетулер енгізіледі. Жаңа Құрылтай жұмысына арналған платформа іске қосылады.
ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ
Цифрлық ортада дербес деректерді қорғау және Мемлекеттің әлеуметтік сясатын жетілдіру бойынша жаңа тәсілодер әзірленуде. Басты міндеттердің бірі Конституцияға енгізілген новеллаларды Әділетті Қазақстан призмасы аясында іске асыру.
Жұмыспен қамту жүйесі жаңартылады. Орталықтар жаңа форматқа көшеді. Жүк авиациясын дамытудың бес жылдық жоспары әзірленді. Халықты баспанамен қамту мәселесі де басты назарда.
ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ
Биыл құны 1,7 трлн теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Бүгінгі таңда құны 252 млрд теңгеге 74 жоба іске қосылды. Биыл 20 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.
Шағын және орта бизнестің дамуы -халықты жұмыспен қамтып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда Үкімет басшысы бизнеске арналған мүмкіндіктерді кеңейту үшін жаңа цифрлық қолдау құралдарын енгізуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті.Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталды.
Премьер-министр Сыртқы істер министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп, барлық жобаға қолдау көрсету және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау жұмыстарын жүйеге келтіруді міндеттеді.