#qyzylordatv
Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне де баса назар аударылған. Осы орайда қаламызда «Ел іші – өнер кеніші» байқауы жалғасуда. Бұл жолы Белкөл кентінің өнерпаздары қалалық демалыс паркінде қызылордалықтарға концерттік бағдарламасын ұсынды.
Бүгінде ауыл-ауылдағы өнер ұжымдары тұтас еліміздің рухани мұрасын байытуға өлшеусіз үлес қосып келеді. «Ел іші-өнер кеніші» іс-шарасының мақсаты - төл өркениетіміздің жыр, терме, ән-күй сынды қазыналарын дәріптеп, жергілікті өнерпаздарды қолдау және олардың шығармашылығын дамыту.
ЖАСҰЛАН СӘДУ, БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
Өнер ұлттың рухани байлығы, мәдениетіміздің мәйегі. Халқымыздың асыл мұрасы. Шара туған жеріміздің таланттарын танытып, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі. Өнер жолында жүрген азаматтардың еңбегі мен жетістіктері өскелең ұрпақ үшін өнеге. Осындай байқаулар ел ішіндегі дарынды өнерпаздарымыздың шығармашылығын шыңдап мәдени байланыстарды нығайтуға зор мүмкіндік береді. Барша қатысушыға шығармашылық шабыт, толағай табыс және жоғарғы жетістіктер тілеймін.
ШЫНАР МҰСТАФАЕВА, БЕЛКӨЛ КЕНТІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ
Биылғы жыл ЖИ жылы болғаннан кейін сол жөнінде шараны алға тарттық. Біз кенттің өнерпаздары болған соң барлығын қамтыдық.01:25 Белкөл кенті жанынан құрылған үйірме мүшелері халықаралық,республикалық, облыстық байқауларға алда қатысады.
Сахнаға шыққан жас таланттар да өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
ӘСЕМ РУСТАМБЕК, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Мен осы ән саласында жүргеніме 8 жылдан асты, маған осы вокалға қатысқан өте қатты ұнайды. Осы 8 жылдың ішінде менің жинаған еңбектерімнің жемісін көріп жатырмыз десек те болады. Менің осы салаға белсенді қатысып, осы еңбектерімнің жемісін көруге ең бірінші апайым, ата-анам. Ең бастысы апайыма, ата-анама рақметімді айтамын.
Айта кетейік, дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» байқауы 6 шілде күні -өз мәресіне жетеді. Сол күні қазылар алқасының шешімімен үздік өнерпаздар анықталып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.