#qyzylordatv
Жыл басталғалы Қармақшы ауданында 20 тұрғынды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 2 адамның конго-қырым геморрагиялық қызбасына шалдыққаны анықталды. Қазір науқастардың жағдайы жақсы, қажетті ем-домын алды, дейді мамандар.
Зиянкестен зардап шеккендердің дені мал жайылымдары мен далалық жерлерде, егіс алқаптарында жұмыс істейтіндер. Кене энцефалитінің табиғи ошақтары анықталған аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудан көлемінде үш елді мекен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы болып саналады. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.
ӘЛИЯ ЫДЫРЫСОВА – АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Екеуі де зертханалық жолмен нақтыланды. Бүгінгі таңда жағдайлары жақсы. Бір науқасымыз ауруханадан шықты. Науқасымыз өзінің фазендасы бар елді мекенде емес тыс жерде орналасқан. Өзінің үйі бар сол жерде тіркелген. Ал екіншісі Ақтөбе ауылында 24 жастағы ер азаматымыз ауырған болатын. Ол үйіндегі малдарына шөп оруға егістік жерге барғанда кене шағу фактісі болған. Аталған ошақтар есепке алынып, барлығы 65 кене жиналған болатын. Сонымен қатар, 1500 шақырым жерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргіздік. Тексеруден өткен зиянкестерден оң нәтиже анықталған жоқ. Жалпы КГЛ ауруының алдын алуда жыл сайын күзгі және көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.