#qyzylordatv
Ел тарихындағы тағы бір маңызды кезең басталды. Жаңа Ата заңның күшіне енуіне орай сала мамандары өз пікірін білдіруде. «Жаңа Конституция – саяси реформалардың ғана емес, еліміздің құқықтық, экономикалық және қоғамдық дамуының жаңа бағытын айқындайтын құжат. Ата заңның басты ерекшелігі – бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануда»,-дейді республикалық ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасы Нұрлан Көптілеу.
НҰРЛАН КӨПТІЛЕУ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Конституция- мемлекеттің ғана емес, ұлттың болашаққа берген серті. Тарихқа қарасақ әр мемлекеттің тағдырын айқындайтын, ерекше кезеңдер болады. Сондай сәттерде қабылданған құжаттар белгілі бір уақыттың ғана емес тұтас ұлттың келешек даму бағытын айқындайды. Менің ойымша, жаңа Конституциямыз дәл осындай жалпыұлттық маңызы бар тарихи құжаттардың қатарына жатады. Ең басты ерекшелігі оның бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануында. Яғни заңгерлер, мемлнекеттік институттар дайындаған құжат емес, өз таңдауын жасаған Қазақстанның халқының еркін білдіретін Ата заң.
Республикалық ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасы «бүгіннен бастап Қазақстан жаңа конституциялық модель бойынша өзінің келесі тарихи кезеңіне қадам басты» дейді.
НҰРЛАН КӨПТІЛЕУ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мен ерекше тоқталатын нәрсе Конституцияның преамбуласы. Алғаш рет мұнда қазақ жеріндегі мыңжылдық мемлекеттік сабақтастығына ерекше мән берілді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тамыры терең тарихи өркениеттен бастау алатын конститутциялық деңгейде бекіткен маңызды тұжырым. Сонымен қатар преамбулад Заң мен тәртіп қағидатының, әділетті Қазақстан идеясының, табиғатқа жанашырлық және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрініс табуы, жаңа дәуірдің құндылықтық, идеологиялық бағдарын айқындайтын маңызды белгі деп есептеймін.
Жаңа Ата заңда жаңашылдық көп. Атап айтсақ,
НҰРЛАН КӨПТІЛЕУ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жаңа Конституцияда вице-президент инстиутының қайта енгізілуі, бір палаталы парламент, яғни құрылтай моделіне көшуі, Халық кеңесі сияқты жаңа Конституциялық институттардың қалыптасуы мемлекеттік басқарудың жаңа сапалық кезеңіне өткенімізді көрсетеді.
Нұрлан Көптілеу бұл өзгерістердің барлығы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуге және олардың арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.