#qyzylordatv
Бірқазан ауылының тұрғындары майдан даласында шейіт болған батырлардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Ауыл тұрғындары әуелі Мәңгілік алау аллеясына гүл шоқтарын қойып, бейбіт өмір үшін күрескен жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
САҒАТ ЖҮСІП – ӨЛКЕТАНУШЫ // Осыдан 10 жыл бұрын асар әдісімен тағзым алаңын жасадық. Оған соғысқа қатысқан 360 адамның, тыл ардагері болған 140 адамның тізімін жасап, жыл сайын осы алаңға келіп әруақтарға дұға оқуды әдетке айналдырдық. 10 жылдың ішінде бұрын қосылмай қалған тағы 21 соғыс ардагерінің 113 тыл ардагерінің атын жаздырдық. Жасап жатқан тірлігіміз ұрпаққа үлгі болып қалады ғой деп ойлаймын//
91 жастағы Жолдыбай ақсақал Жеңіс күнінде көзіне жас алды. Сұм соғыс пен тылдағы қасірет туралы тебіренбей айту мүмкін емес.
ЖОЛДЫБАЙ НҰРЫМЖАНҰЛЫ – ТЫЛ АРДАГЕРІ // Әкем Нұрымжан тыл ардагері ретінде тізімде бар, кейінгі тізімде өзім тұрмын. Ағаларым бар тыл ардагері болған, соғысқа қатысып хабарсыз кеткені бар, осы тізімде бар. Тыл адамдары қаншама қасіретті еңбекті жасады. Таңның атысы күннің батысы егіс даласында, мал өсіру, ол кезде техника жоқ қолмен атқарды. Майдан қажетін және тұрғын адамдарды аштықтан сақтап қалуға осындай әсер жасады. Тек қана бейбіт өмірде өмір сүруді Алла нәсіп етсін//
Бірқазан ауылынан 400-ге жуық астам ер азамат ҰОС аттанса, соның тең жартысынан астамы ұрыс даласында қаза тапқан.
ЖАСҰЛАН СӘДУ – БЕЛКӨЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ //Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс деген атауды арқалаған қанды қырғынды тоқтатқан майдангерлер мен тылдағы елдің жанкешті еңбегі ұрпаққа ұран. Майдангерлердің қайсарлығының, тыл еңбеккерлігінің жанкештілігінің арқасында жеңіс туы желбіреді. Ұрпақтың жарқын болашағы үшін жан пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау қасиетті борышымыз//
Жеңіс күніне арналған іс-шара мерекелік концертке ұласты.