#qyzylordatv
Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылына да табиғи газ жетті. Автоматтандырылған газ тарату станциясын іске қосу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Нағи ауылында 500-ге жуық үй бар. Салтанатты рәсімде автоматтандырылған станция іске қосылып, үйлердің біріне газ берілді. Ауылды көгілдір отынмен түгел қамту жұмыстары жыл аяғына дейін жалғасады.
УӘЛИХАН САЛЫБЕКОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ГАЗ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ» КМК БАС ИНЖЕНЕРІ // Бүгінгі күнмен бір үйге тех условия беріліп, газ желісіне қосылды. Әрі қарай арыз қабылдау жүріп жатыр. Бұйырса жылдың аяғына дейін ауылдың 80 пайызын газға қосамыз деген жоспарымыз бар//
АЙНҰР ҚАЙБЫЛДАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ //Батыр есімі берілген ауылға міне көгілдір отын беріліп жатыр. Осыған дейін от жаққанбыз. Қалаға барғанда қызығып, от жақпаған жұмыстың жеңілдетілген бір түрі ғой енді. Сондықтан көгілдір отынның келгеніне өте қуаныштымыз//