#qyzylordatv

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 10 жылдық мерейтойы мерекелік гала концертпен қорытындыланбақ.

 «Арман қанатындағы 10 жыл» атты ән кешінде балалар ауылының тәрбиеленушілері эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетеді. Ал, сахнаға өнерпаздарды әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова бастап шығады. Мерекелік концерт ертең сағат 16:00-де Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында өтеді. Ал, оған дейін балалар ауылында түлектер форумы ұйымдастырылып, «Анаға тағзым» орталығында Қазақстанның балалар ауылдарының үйлестіру кеңесінің семинары болады.

ЖЕҢІС ЫСҚАҚОВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ // 10 жылдық мерейтойда өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Мен де жалғыз келген жоқпын. Өзімнің өнердегі әріптестеріммен, достарыммен, тіпті мен өзім бүгінгі күні болашақ әншілерге ұстаздық етемін. Сол шәкірттеріме дейін алып келіп жатырмын. Қазақстанға белгілі әншілерді алып келіп жатырмын. Шын жүрегімізбен келіп жатырмыз, өте қуаныштымын//