#qyzylordatv

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов аймаққа жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, еңбек нарығының жағдайы туралы мәжіліс өткізді.

Вице-министр былтырғы жылдың қорытындысымен Қызылорда облысында Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде белгіленген барлық индикаторлардың артығымен орындалғанын және республика бойынша алғашқы үштікте екендігін атап өтті. Сондай-ақ, саладағы бірқатар жаңалықтарға тоқталып, мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілген «Инновациялық жобалардың навигаторы» цифрлық платформасымен және Еңбек тәуекелдері картасымен таныстырды.

Одан соң облыс орталығындағы ірі өндіріс ошақтарында болып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.