#qyzylordatv

Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Әсіресе шет аймақтағы көшелерді жөндеуге ерекше назар аударылып отыр. Қалалық әкімдік атқарылып жатқан жұмыстарды көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

 Қызылорда күн сайын көркейіп һәм кеңейіп келеді. Оның үстіне қаладағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар қозғалысын жеңілдетуге бағытталған шаруалар да кезең-кезеңімен реттелуде. Мәселен, осы күндері «Саяхат» мөлтек ауданындағы Қайруллаев көшесіне тақтайдай тегіс жол төселіп жатыр.

БАҒДАТ САУҚАНОВ – УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

 Әзірше бірінші слой төселіп жатыр. Ені 7 метр, қалыңдығы бірінші слойдың 6 см болады. Көшенің ұзындығы 1368 метр. Екінші слойдың барлығын төсеп, халықтың игілігіне пайдалануға береміз.

 Ал Хамит Әбенов көшесіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Тұрғындар «жылдар бойы күткен жол салынып, көпшіліктің қуанышына айналды» дейді.

 ГАУҺАР ШИЛМАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы жерге көшіп келгенімізге он жыл болды. Он жылдан бері жол болмаған еді. Балшықпен жүрген күндер артта қалып, биыл сәті түсіп жатыр. Қуаныштымыз.

Сондай-ақ, қаланың солтүстік кіреберісі саналатын Сағымбаев көшесін төрт жолақты етіп кеңейту жұмыстары қолға алынған. Қалаға қарасты елді мекендер де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Соның ішінде, Қызылөзек ауылдық округіндегі Қожақ каналы арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.