#qyzylordatv

Қызылордада халық көп шоғырланатын демалыс орындары қайта жаңғыртылып жатыр. Қалалық әкімдік жұмыс барысын көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Енді саябақтар жаңғырып қана қоймай, жаңа тыныс алмақ. Тілші бейнематериалында толығырақ.

,

НАЗИРА АЛМАС - ТІЛШІ

Қызылордалықтардың тынығып, дем алатын сүйікті орындарының бірі – Тұңғыш Президент паркі. 2007 жылы ашылған демалыс аймағы алғаш рет қайта жаңғыртылып жатыр. Қазір мұнда құрылыс қарқыны жоғары. Жақын арада бұл жер балалардың шат күлкісі мен субұрқақ сылдырына толып, қала көркіне көрік қоспақ.

 Саябақтың жалпы абаттандыру аумағы – 71,66 гектарды құрайды. Оның 19 мың шаршы метрі – құрылыс алаңы. Жаңа жобада «тұманды фонтан», фудкорт, амфитеатр, скейт парк, памп трек, шахмат пен воркаут алаңдары, тіпті «Холмдар бағы» сынды ерекше кеңістіктер қарастырылған. Учаске басшысының айтуынша, қазір мұнда жер қазу, сыртқы су және кәріз жүйелерінің 60 пайызы, ал монолитті жұмыстардың 70 пайызы аяқталған.

ЕЛАМАН ҚАЗИКЕШ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

 Бұл парктің ерекшелігі бұл жерде 3 фонтан болады. Одан бөлек 50 метрлік колесо обозрения болады. Балалардың ойын алаңдары және скейт парк болады. 02-08 Құрылыс нысанында қазіргі уақытта 120-дан астам адам жұмылдырылды. 20 -дан астам техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс нысанында пайдалынып жатқан материалдар отандық. Яғни мына брусчаткаларды Астанадан алдырып жатырмыз, гүлдерді Алматыдан, Шымкенттен алдырып жатырмыз.

 Саябақтың гүлмен көмкерілуіне жауапты маман – Сүлеймен Қыдырбай. Бұған дейін «Атракцион саябағын», «Сыр жұлдыздары шығармашылық академиясының» көгалдандыру жұмыстарымен айналысқан ол - қазір 40-қа жуық жұмысшымен Тұңғыш Президент паркінде гүл егу жұмыстарымен айналысуда.

 СҮЛЕЙМЕН ҚЫДЫРБАЙ - ПРОРАБ

//Мен осы фирмада 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Қызылорда қаласында. Келесі кезекте осы Президент саябағы 24 мың гүл келіп тұр. Соны 35-40 шамасында жұмысшымыз бар, соны егіп жатырмыз. Осы гүлдеріміздің барлығы Алматыдан келіп жатыр. Ал егіп жатқан талдарымыз Шымкет қаласынан алып келіп жатырмыз. Ол талдарды Еуропа қаласынан алып келіп жерсіндіріп, осы Қызылордаға өсіріп жатырмыз. 01-25 Бізде бұл жерге розаның бірнеше түрлері, шалфей секілді тағы басқа көпжылдық гүлдер. Иә, ыстыққа төзімді. Қызылорданың табиғатына сәйкес келетін гүлдерді алып келіп, егіп жатырмыз.

 Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы саябақта да ауқымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы аумағы – 38 мың шаршы метрден асады.Мұнда да кеспетас төселіп, жасыл желектер отырғызылып, ойын және спорт алаңдары салынып жатыр.

 ҚЫДЫР НАУРЫЗБАЕВ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

2 десткий және 2 спорт алаңымыз бар салынатын. Фонтан 9 квадрат және жарықшамдарымыз бар 1100 квадрат. Балалар алаңының карказдарын орналастырып жатырмыз. Жарықтардың трубаларын салып жатырмыз. Фонтанның загатовкасын дайындап жатырмыз. Екі металды аркамыз бар. 50 жұмысшымыз бар. 65 пайыз жұмыс аяқталып тұр. Құдай қаласа, қыркүйектің басы не ортасына дейін аяқтаймыз.

Қаланың шырайын ашып, тұрғындарға жайлы жағдай жасау – басты мақсат. Жаңарған саябақтар ел игілігіне берілсе, елдің экологиялық тыныс-тіршілігіне жаңа серпін берері сөзсіз.