#qyzylordatv

Еліміздің басты заңы - Конституцияның қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай облыстық мемлекеттік архивте жиын болды.

 Конституция күні - ерекше қастерлі мереке. Өйткені еліміздің негізгі заңы ел азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ететін құжат. Сондықтан басқосуда Ата заңымыздың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен насихатталды. Жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру турасында да әңгіме өрбіді.

 ЖАНАТ АБЗАЛИЕВА- ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ // Биыл ҚР-ның конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы біздің басты заңымыз, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданған. Айтулы дата қарсаңында біздің облыстық мемлекеттік архивте «Конституция -келешек кепілі» атты кездесу ұйымдастырып отырмыз. Енді бүгін біз полиция департаменті өкілдері, қоғамдық даму басқармасының өкілдері келіп, осы біз жастарды шақырдық.