#qyzylordatv

Елімізде оқу бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Сыр өңірінде өткен республикалық семинар-кеңесте айтылды. Алқалы жиында аймақтардың жаңа оқу маусымына дайындық барысы пысықталды.

 Жалпы білім күні қарсаңында еліміз бойынша 83 мектеп ашылады. Биыл жұмысшы мамандықтар жылына орай Оқу-ағарту министрлігі елдегі колледждерге 150 мың грант бөлді. Сондай-ақ, кеңесте мектептер мен колледждердің оқу бағдарламасына енгізілетін жаңашылдықтар талқыланды. Соның бірі - жасанды интеллект сабағы. Ол үшін педагогтер арнайы даярлау курсынан өтеді.

 ЕДІЛ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ //Мектептер мен колледждерге ЖИ оқу процесіне енгізіледі. Бұл үшін біз барлық педагогті үш деңгейлі оқу курсынан өткіземіз. Және 1-11 сынып аралығында арнайы курстар дайындалды. Сол курстар оқытыла бастайды//