#qyzylordatv
Жоғарғы Сот төрағасының бастамасымен еліміздің сот жүйесіне заманауи технологиялар кеңінен қолданылып жатыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы алты айында 2119 күдіктіге электронды білезік тағылып, бақылауға алынған.
Яғни, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқан кезде күдіктілер бұрынғыдай қамауда болмайды. Дегенмен, тергеу органдары технология көмегімен үйқамаққа алынған күдіктіні бақылауда ұстай алады. Былтырдан бастап қолданысқа енген жобамен Қызылорда облысының соттары белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басталғалы аймақта 253 күдіктіге электронды белезік тағылған.
ҒАЛЫМ ШЫҢҒЫСОВ - ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ // Электронды мониторинг жүйесін қолдану мемлекет үшін шығыны аз, сонымен бірге, қамауға алуға қарағанда, әлдеқайда тиімді әрі адамгершілікке сай болып табылады. Бұл ретте күдіктілер күнделікті өмір салтын, әлеуметтік байланыстарын және жұмыс орнын сақтай алады.
Жалпы, еліміз бойынша 2021 жылы электрондық бақылау құралдарын қолдану 3%-дан аспайтын болса, ал, былтыр үй қамағына алынған тұлғалардың 60%-на қолданылған.
МЕЙІРБЕК ДАУБАЛАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ // Қазіргі таңда соттардың көптеп үйқамағын көптеп қолданып, электронды құралдарды қолдаудың арқасында тергеудің де заңсыз тәсілдеріне тосқауыл қойылып отыр деп есептейміз.