#qyzylordatv
Бүгіннен бастап қазақстандықтар жарық құнын жаңа бағамен төлеуге көшеді. 2025 жылғы 29 шілдеде Энергетика министрінің міндетін атқарушы «Электр энергиясына шекті тарифті бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, электр энергиясын өндіретін компаниялардың тарифі өзгеріп отыр. Соның ішінде біздің өңірге қатысты «Қызылордажылуэлектроорталығы»-нда тариф 12 теңге 10 тиыннан 13 теңге 13 тиынға дейін өзгерді. Сондай-ақ электр энергиясын өндіруші ұйымдардың 63-тобына арналған тариф 1 кВт/сағ үшін 44 теңге 02 тиын болып белгіленді.
Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыз, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, Қазақстан көрші елдерден электр энергиясын импорттауды тоқтатады.