#qyzylordatv
Елімізде бүгінен бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл науқан – агросектордың даму деңгейі мен ауыл халқының тұрмыс –тіршілігінбағыттауға арналған.
Санақтың алғашқы кезеңі онлайн түрде 31 тамызға дейін жалғасады. Азаматтар қатысу үшін sanaq.gov.kz сайтына электронды цифрлық қолтаңба, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасы арқылы кіріп, сауалнама толтыра алады. Сауалнама екі бағытта жүргізіледі: бірі – агрокәсіпорындарға, екіншісі – бау-бақшасы бар не мал ұстайтын үй шаруашылықтарына арналған. Онда жер, техника, еңбек ресурсы және өнім өткізу секілді деректер қамтылған.
Сайтта бейненұсқаулық, интерактивті көмекші және нақты уақыттағы SANAQ мырза чат-боты бар. Ал интернетке қосыла алмайтындар үшін ел бойынша 2684 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті мен 1446 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ұлттық статистика бюросы барлық мәлімет заңмен қорғалатынын және басқа мекемелерге берілмейтінін ескертеді. Бұған дейін 300 мыңнан астам шаруашылық мекенжайы нақтыланған.