#qyzylordatv

 Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, қоғам қайраткері Рахима Ахметова жетпіс жаста. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет мерейтой иесін қабылдап, құрмет көрсетті.

Рахима Қаржаубайқызы саналы ғұмырында өңірдің дамуына, соның ішінде отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді насихаттау жолында еселі еңбек етті. Әйелдердің құқығы, жастар тәрбиесі, руханият, білім мен мәдениет секілді маңызды салаларда жұмыс істеп, түрлі деңгейдегі шаралардың өтуіне ұйытқы болды. Көптеген әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бастамаларды іске асырып, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысты. Зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Бүгінде облыс бойынша саясаткер – әйелдер клубының төрайымы ретінде қыз-келіншектер арасында саяси көшбасшылық мектебін құрып, жүйелі жұмыс істеп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет Рахима Қаржаубайқызының осындай игі бастамаларына тоқталып, лебізін жеткізді.

 МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

\ Қай қоғам¬да да әйелдің арқалаған жүгі жеңіл емес.

Осы орайда, Сыр өңірінің өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген белсенді әйелдер қауымының рөлі қашанда биік. Міне, сондай құрметпен айтатын алдыңғы буын апаларымыздың бірі - Рахима Қаржаубайқызы ....\