#qyzylordatv
«Отбасы-береке мен бірліктің бастауы». Анаға тағзым орталығында осындай тақырыпта тағылымды іс-шара болды. Отбасы бақытының кілтін тапқан жандар туралы тілшіміздің бейнематериалында толығырақ.
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде «Отбасы күні» аталып өтеді. Сәрсенбаевтар отбасы үшін бұл күннің маңызы зор. Былтыр өнегелі шаңырақ иелері Алтын тойын жасады. Жарты ғасырдан астам ғұмырын бірге өткізген жұп мерекелік шараның төрінен табылды.
САПУРА СӘРСЕНБАЕВА – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ //00:05Жоқшылық та болды,қиыншылық та болды.Танысып,1974 жылы үйлендік.Былтырғы жылы «Алтын тойымызды» атап өттік.Отбасы-шағын мемлекет,Бүгінде мен бақытты анамын,және әжемін.Үш балам,8 немерем бар.Өзімді бақытты әйел деп есептеймін.Бізге мүмкіндік жасаған енеме алғыс айтқым келеді.
Отбасы - әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы жып-жылы ұя. Мерекелік шарада сөз алғандар отбасы құндылықтары туралы әңгімеледі.
ГҮЛШАТ МҰСАЕВА-ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ //Ықылым заманнан бері қазақ ұғымында отбасы орны ерекше.Себебі,төскейде малын жайп,түстікте егін орған қазақ қоғамы отбасы институтының беріктігі мен татулығына мән берген.Даналықтың мектебі болған ата-бабаларымыз адамның басшысы-ақылшолушысы-ой,жетекшісі-талап,қорғаушысы-сабырбәрінен ардақтысы-өмір сүру соның ішінде ең тәттісі-сыйластық.Шындығында,отбасы берік болуының негізгі қағидаты-адам бойындағы осы қасиеттерге жүктеледі.
Тағылымды іс-шарада республикалық Мерейлі отбасы байқауының жүлдегерлері отбасы болудың қыр-сырымен бөлісіп,жастарға ақыл кеңестерін айтты. Шара барысында отасқандарына 60 жылдан асқан, 5 ұл өсіріп,22 немере, 22 шөбере тәрбиелеп отырған Мыңжасаровтар отбасы және «Алтын той» иелері ,ұлағатты ұстаздар әулеті Сәрсенбаевтарға Алғыс хат табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Айта кетейік, 8-ші қыркүйектен бастау алған бұл мереке өңірімізде қыркүйектің 14-іне дейін жалғасады.