#qyzylordatv
Бүгін қаланың сол жағалауында 280 пәтерлік 7 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл баспана әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа тұрғын үй иелеріне пәтер кілтін табыстап, қоныс тоймен құттықтады.
Баспаналы болғандардың бірі Шолпан Әділбекқызы. Көпбалалы ананың үй кезегіне тұрғанына 15 жылға жуықтапты. Бүгін міне, көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отыр.
ШОЛПАН ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \екінші қабаттан үш бөлмелі пәтердің кілтін алып жатырмын. Неше жылдан бері күтіп жүргеннен кейін бөлекше сезім болды, бір апта ұйықтамай\
Аймақта соңғы үш жылдың ішінде 2 млн. 500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар аудандарда да нәтижелі жүзеге асуда.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \аудандарда өткен жылдың өзінде 1019 пәтер кезекте тұрған, мұқтаж азаматтарға табысталған болатын......\
Салтанатты шарада құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, тұрғындарға қуаныш сыйлаған компания қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Нақтырақ айтсақ, жыл соңына дейін 870 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріледі.