#qyzylordatv
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде облыстық тілдер фестивалі өтті. Қазақстан халқының тілдері күні аясында ұйымдастырылған іс-шараға арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып, өзара бақ сынасты.
Фестивальдің мақсаты ¬¬- мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолданыс аясын кеңейту, жастардың патриоттық сезімін ояту. Сондай-ақ, ұлтаралық достықты нығайту болып табылады. Тілдер мерекесінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған байқауда әр оқу орны түрлі ұлттың мәдениетін, өнерін, ұлттық тағамдарын насихаттады.
АБАЙБЕК ЖҮНІСОВ ¬- И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //// Колледждегі әр этнос өкілдерінің тілдерін дамытуға және олардың сапалы білім алуына қызмет жасап келе жатыр. Сондықтанда бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Бір шаңырақ астында // 100 деген этонс мекендеп жатыр Қазақстан Респубилкасында. Барлығының тілегі ортақ. Сондықтанда мен ойлаймын ең басты мақсаты ¬– мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. //
МАРТАНА ДӘУЛЕТБАЕВА ¬– ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // // облыстық тілдерді оқыту орталығы ересектерді оқытумен қатар, қазіргі жастардың тілі шұбарлануына байланысты өзіміздің сөз сөйлеу мәдениеті деген курсымыз бар ғой. Осының аясында «трендтегі сленттер» деген // ақпараттық айдарымыз және оны жастар мен студенттер арасында насихаттап жүрміз//
Студенттердің сахнадағы шеберлігі мен ұшқыр ойы сынға түсетін байқауға 7 колледжден келген командалар қатысты. Тағылымдық мәні зор бұл байқауда білім алушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Әуелі әр команда қазақ, орыс, өзбек, кәріс, татар, түрік, қырғыз халықтарының дәстүрі мен ұлттық тағамдарын таныстырды.
Ал, екінші кезеңде түрлі ұлттың биін билеп, әнін шырқады. Қырғыз халқының ұлттық өнерін нақышына келтіре орындаған Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенттері көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Соңғы сайыс студенттер үшін маңызды болды. Себебі, бұл кезеңде олардың білімі сыналды. Талапкерлерге Қызылорданың тарихынан бастап әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойылды. Зияткерлік сайыста студенттер зеректігін байқатты.
Сайыс нәтижесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі 3 орынды еншілесе, екінші орынға Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі ие болды. Үш кезеңде де үздік шыққан «Болашақ» медициналық жоғары колледжінің студенттері бірінші орынды жеңіп алды.