#qyzylordatv

Шиеліде үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Үздік деп танылған отбасылар қорытынды шарада марапатталды.

Отбасы құндылығын насихаттап, ұлт болмысын ұлықтауға, жақсы тұрмыс пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл байқауға аудан бойынша 13 отбасы қатысып, салт-дәстүрді дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беретінін дәлелдеді. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары отбасы институты әрқашан ерекше қолдауға ие болатынын жеткізіп, жарасымды жанұяларға құрмет көрсетті.

 БОЛАТБЕК ЫСМАҒҰЛОВ ¬– АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / // Ауданымызда он екінші рет өткізілген бұл мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілердің саны жылдан - жылға артып келе жатқаны және Шиелі ауданынан шыққан мерейлі отбасылардың қатарынан Республикада лауреат атануы бізді аса қуантады. // Бұл – Шиелінің отбасыларының бірлігінің, ынтымағының, рухани байлығының айғағы. Осындай өнегелі жанұялар көбейген сайын ұлттық құндылықтарымыздың тамыры тереңдеп, ел болашағы сенімді ұрпақтың қолында болмақ.

95 жастағы Оразкүл Қамбарова әулеттің ғана емес аудан мақтанышы. Көпті көрген кейуана ұлағатты ұрпақ өсіріп, бүгінде немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішіп отыр. Қамбаровтар әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінде бірінші орынға ие болды.

 ОРАЗКҮЛ ҚАМБАРОВА ¬– БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ // Еразаматты қадірлеу керек. Ауызбіршілік болу керек. Үлкеннің айтқанын кіші тыңдау керек. Тыңдайды менің балдарым. Келіндерімде тыңдайды. Жақсы. Нағыз мерейлі отбасы менің бала-шағам.

 Қыдырбаевтар әулеті екінші орын алса, 3-ші дәрежелі диплом Ахметжановтар отбасына берілді. Қалған 8 отбасы арнайы номинацияларға ие болды.

КҮЛЖАМАЛ СЕЙІТЖАНОВА ¬–«АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ //// Отбасының тәрбиелі, өнегелі болу себебі ата-анасына байланысты ғой. Бәрінен де бұрын. Оны енді шал 4-5 жыл болды қайтыс болғанына. Өте өзінің тірлдігіне пысық еді. // 10 бала болды. // оқуын оқыттық. Тәрбиеледік. Ешқандай тәртіпсіз бала болған жоқ. 10 бала болғанымен. Көп баланың тәртіпсіз болып жүретіні де көп.

 Шара соңында марапат мінберінен көрінген отбасыларға мерекелік концерт ұйымдастырылды.