#qyzylordatv
Алматы облысында өтіп жатқан ауыл спортшыларының VIII «Ақ бидай» спартакиадасында Сыр оғландары үздік нәтиже көрсетуде.
Атап айтсақ, жекпе-жек сайысында 93 келі салмақта өнер көрсеткен Данияр Жүсіпбаев қола жүлдеге ие болды. Кикбоксинг шеберлері бір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншілeді. Ұлттық спорт түрлерінен де олжалы болдық. Соның ішінде садақ атуда жерлестеріміз екі алтын, бір қола жүлде жеңіп алды. Нәтижесінде облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте әзірге көш бастап тұр. Айта кету керек, Алатау бөктеріндегі байрақты бәсекеде аймақ намысын 141 спортшы қорғауда.