#qyzylordatv

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті.

 Президент ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Одан соң Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен жүздесті. Православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды. Сондай-ақ, Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдап, съезд қорытындысы дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ал, Қытай делегациясымен кездесуде бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты.