#qyzylordatv

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 120 жыл. Осыған орай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Туған елдің жүрегінде» атты тағлымды іс-шара өтті.

 Руханият ошағындағы келелі кездесуге ақынның қызы, ардагер ұстаз Аягөз Тоқмағамбетова және Сыр өңірінің белгілі қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар ақын шығармашылығына терең бойлап, өлеңдерін оқыды. Кеш барысында «Қазақ сатирасының саңлағы - Асқар Тоқмағамбетов» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА – ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ ӨКІЛІ // Біздің Сыр елінде мынау сатира жанрының ақиық ақыны атанған Асқар Тоқмағамбетовтың 120 жылдығына байланысты еске алу кеші өтуде. Бұл кешке ақынның ұрпағы, өзінің қызы Аягөз Тоқмағамбетова қатысып отыр. Бұл кісіні енді екі дәуірдің, екі қоғамның мынау саясатында жалпы тіршілігінде болмысында басынан кешірген деп айтуымызға болады. Өйткені ол кісінің тұсында кеңес дәуірінде комсомол деген болды осы комсомолдың бір жағынан насихаттай жүріп соның кейбір тұстарын өзінің сын садағына салып соның жөндеуі үшін жырды құрал етіп алды, сатираны жебе етіп алды.