#qyzylordatv
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Досманбетовтің туғанына 80 және өзі іргесін қалаған Болашақ университетінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай облыс орталығында «Цифрлы болашаққа қадам: білім мен ғылымның дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінен және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан арнайы делегация келіп қатысты. Жиында Бақберген Сәрсенұлының өмір жолы мен өңірдің дамуына қосқан еңбегі сөз болды.
ӘБДІКӘРІМ БАҚЫТХАН, ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ \Бақберген Сәрсенұлы Сыр өңіріндегі жоғарғы оқу біліміне орасан зор қызмет жасаған аптал азамат. Бақберген Сәрсенұлының еңбектері қазір кез келген жерде көрініп тұрады әсіресе қаланың өркендеуіне өсуіне қаланың әлпетінің жақсаруына, жаңадан ғимараттардың тұруына олардың әрленуіне сәнденуіне көптеген этикалық тұрғымен қараған жаңашыл ұстазымыз. Бақберген Сәрсенұлының бүгінгі күніде жасап жатқан тірліктері орасан зор, өйткені “Болашақ” университетін қолмен қалады. Қабырғасын қалады. Аяғынан тұрғызды, қаншама халықты еңбекпен қамтамасыз етіп отыр\
Иә, Досманбетовтың аймақтың дамуына қосқан еңбегі зор. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни¬верситетінің ректоры, Қызылорда қаласының әкімі, Қызыл¬орда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Туған жерді түлету, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нәтижелі жұмыс істеді. Ал, Сенат депутаты болған тұста елдің мәселесін биік мінбелерде көтеріп, шешілуіне ықпал етті. Бақберген Сәрсенұлы іскер басшы ғана емес, білікті ұйымдастырушы, реформатор, жаңашылдыққа жаны жақын азамат. Бұл жиында сөз сөйлеген спикерлердің пікірі.
МҰРАТБЕК ЕМБЕРГЕНОВ, БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ \Бақберген Сәрсенұлының 80 жылдығы мен Болашақ университетінің 30 жылдығы тұспа тұс келіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер 95 жылы құрылды. ...\
Конференция мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында «Цифрлы болашаққа қадам: білім мен ғылымның дамуы» тақырыбында өтті. Жиында білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеру, педагогтардың біліктілігін арттыру, студенттерге жан жақты білім беру мәселесі талқыланды.