#qyzylordatv
«Қызылорда су жүйесі» мекемесінің телеграм бот каналы іске қосылды. Қала тұрғындары енді ауыз суға берешегі бар, жоғын немесе артық төлем жасағанын үйінде отырып ақ онлайн біле алады. Сондай-ақ бот арқылы алыс-беріс актісін көре алады.
Телеграм ботқа қосылу қиын емес. Алдымен ұялы телефоныңызға телеграм мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. Одан кейін арнайы логин немесе QR код арқылы Қызылорда су жүйесінің телеграм ботына қосыласыз. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барлық салаға енгізуді тапсырған болатын. Су жүйесіндегі мұндай цифрлық қызмет тұрғындардың уақытын үнемдеп, жедел ақпарат алуына мүмкіндік береді.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА, ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Бұл телеграм бот каналының тиімділігі тұтынушылар үйде отырып, уақытын үнемдеп, онлайн режимде тапсырыс бере алады. Және кез келген уақытта су есептегіш құралының көрсеткішін енгізе отырып, есепшотында ауызсуға қарызы бар-жоқ екенін анықтай алады\