#qyzylordatv
Облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, басқарма басшылары депутаттар көтерген сауалдарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Алдымен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Биыл алғашқы жартыжылдықта 42,1 миллиард теңгеге жалпы ұзындығы 330 шақырымды құрайтын автомобль жолдары мен өткелдер жөндеуден өткізілген. Өсім өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 21 пайызды құрап отыр. Басқарма басшысы бірінші кезекте сапалы жолдардың санын арттыру үшін Арал, Қазалы аудандарына басымдық берілетінін жеткізді. Сондай-ақ тұрақты комиссия отырыстарында депутаттар көтерген сұрақтарға жауап берді.
ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Диктор кадр сыртында: Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған маңызды тақырыптың бірі - «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу. Басқарма басшысы депутаттар жолдаған сауалдарға тоқталып, мәселелер маңызына қарай шешілетінін баяндады. Мұнан бөлек жиында тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Сәкен Қуанышұлының кандидатурасы ұсынылып, қолдау тапты. Тағы да бірнеше мәселе бірауыздан сессия қарауына ұсынылды.