#qyzylordatv
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұлттық киімдер фестивалі өтті. Орыс қауымдастығының онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шарада қазақ аналарының кимешегі, әзірбайжанның калагайы, корей халқының ханбогы және орыс халқының орамалы көпшілік назарына ұсынылды.
Орамал бұл жай ғана бас киім емес. Ол тағдыр, ол дәстүр, ананың даналығы мен тәрбие бастауы, ұрпақтар сабақтастығы. Ақ орамал араздықты тоқтатады. Ал, жылы шәлі қыстың қытымыр аязында бойыңды жылытады. Қазақ кимешегі әйелдің абыройы мен қадір-қасиетін бейнелеген.
РАХИМА АХМЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // \ Достық үйі қарашаңырағының астында ұлттық киімдердің шеруін көрдік. Шеруді бастады қазақтың ұлттық киімімен. Ол жақта бір үлкен символ жатыр. Себебі ұлтық киімді ақ жаулықты аналар көрсетті. Содан кейін барып орыс қауымдастығының майда балалары келешекке деген ұмтылған біздің ұрпақтар ұлттық киімнің құрметін қадірін білгенін көрсетіп, олар орыстардың, орыс ұлтының ұлттық киімдерін көрсетті. Әсіресе орыстың орамалдарына үлкен мән берілді. Жалпы қандай халық болса да әйелдері басын бос қоймаған. Бұл деген біздің еліміздің, қарашаңырағымыздың астындағы қаншама этностардың бір-бірінің мәдениетін танып,біліп, құрметтеп, бір-бірінен сондай жақсы үлгілерді алып жатыр деп есептеймін\
Фестиваль барысында әр ұлттың өкілдері өздерінің ұлттық бас киімдерін таныстырды. Мысалы, әзірбайжандық калагай ширатылмаған жібек жіптерден тоқылған. Ал, корейлік ханбокқа қазақтың ою – өрнектері бейнеленіпті. Бұл Светлана Цойдың қолтаңбасы.
ИРИНА КОНЕЦКА, ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ \Германиядан келген СЭС ұйымының өкілімін. Бұл кез келген облыстан Қазақстанға сарапшылар жіберетін ұйым. Өзім шебер кескішпін. Светлананының шақыруымен арнайы келдім. Ол өзі де іс-шараға қатысқан болатын. Халықтардың бір-бірімен ұйымшылдығы мені таңғалдырды. Балалар да, костюмдер де әдемі, өте қуаныштымын\
Кішкентай өнерпаздар фестивальдің сәні мен салтанатын арттыра түсті. Орыс халқының ұлттық киімдерін киген олар ән салып, би биледі. Шара соңында фестивальге қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.