#qyzylordatv #заңментәртіп
Республика бойынша «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы ретте облыс әкімі құзырлы орган басшыларына балалар тасымалына қатысты рейдтік іс-шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Полицейлер алғашқы үш күнде 238 құқықбұзушылықты анықтап отыр.
Рейд барысында тәртіп сақшылары бала тасымалымен айналысатын көліктерді тоқтатып, талапқа сәйкестігін тексерді. Көліктердің көбінде балаларға қажетті қауіпсіздік белдіктері түгел емес. Арнайы белгілер орнатылмаған көліктер де бар. Рейдте 16 баланы шағын көлікке толтыра тиеген жүргізуші де кездесті. Полицейлер бірнеше көліктің бала тасымалына қатысты тиісті талаптарды орындамағанын анықтап, мемлекеттік белгісін тәркіледі.
Рейд барысында міндетті сақтандыру полисінің болмауы, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзу, техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктер секілді заң бұзушылықтар да анықталды. Сондай-ақ 18 дерек бойынша жүргізуші куәлігі жоқ азаматттар көлік тізгіндеген. Нәтижесінде 34 автокөлік айыптұрағына қойылды.
ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
//Қыркүйек айының 15-і мен 30-шы жұлдызы аралығында република көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Қызылора обысы әкімдігімен бірлесіп, өңірімізде «Балабақша» іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Аталған іс-шаралардың мақсаты – облыс көлемінде жолкөлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, өрескел құқық бұзушылықтарға жол бермеу.Оның ішінде ең маңыздысы балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнге дейін облыс аумағында орналасқан жеке балабақшалардағы балаларды тасымалдау кезінде 800-ге жуық заң бұзушылықтар анықталып отыр. Осыған орай құрметті ата-аналар балалар біздің болашағымыз. Әрбір баланың қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды екендігін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғам болып атсалысуға шақырамын.Бұл іс шаралар өңір басшысының қатаң бақылауында. Сондықтан тәртіп орнағанша бұл жұмыстар өз жалғасын табатындығын ескертемін.//