#qyzylordatv #заңментәртіп #бескесел
Қазіргі күні құмар ойындарына тәуелділік жастар арасындағы ең өзекті проблемаға айналып отыр. Мұнан бөлек интернет алаяқтық, қаржылық пирамида, дропперлік қылмыстар көбейіп барады. Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті студенттермен кездесіп, осы мәселеге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті үш жылдың ішінде 14 қаржылық пирамиданы анықтаған. Нәтижесінде 11 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің тарапынан заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қою бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыста 2023-2025 жылдары аралығында заңсыз ойын бизнесімен айналысудың 11 фактісі тіркеліп, кінәлілер жауапқа тартылды. Кездесуде департамент мамандары студенттерге құмар ойындарынан аулақ болып, алаяқтардан сақ болуға шақырды.