#qyzylordatv
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні және «QAZAQGAZ» ұлттық компаниясының 25 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Достық үйінде өткен жиынға газ саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Ел игілігі үшін қызмет етіп, әр үйге жарық пен жылу жеткізу жолында тыным таппайтын еңбек адамдары құрмет төрінен көрінді.