#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Аймақтағы жоғары және арнаулы оқу орындары «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай кәсіптік және техникалық мамандықтарға басымдық беруде. Материалдық-техникалық базасын жаңартып, арнайы оқу кабинеттерін ашуды қолға алған. Мақсат – бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие жұмысшы кадрлар даярлау.

Мәселен, «Орда» жоғары колледжі шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтып, балалардың білімін жетілдіру масқаытнда халықаралық жобаларды жүзеге асыруда. Ал, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі көлік және байланыс, құрылыс, тау кен, энергетика және коммуналдық қызметтер, өндіріс және механика, ауыл шаруашылығы саласы бойынша студенттерді оқытуда. Бүгінде бұл мамандық иелеріне сұраныс жоғары. Сондықтан колледж түлектерінің басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылған.