#qyzylordatv #Жолдау2025

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлары Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. Маңызды құжаттың басым бағыттарына тоқталып, берілген тапсырмаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келетінін айтқан болатын. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы бағытта жасанды интеллект, ІТ сала бойынша білікті мамандар даярлап жатыр.

Тағы бір жаңалық, 5-ші оқу ғимаратының базасында инжинирингтік парк салынбақ. Мұнда ІТ бағыттағы зертханалар, робототехника, үлкен деректерді басқару орталығы орналасады. Жиында мұнан бөлек ауыл шаруашылығы саласының мамандарын даярлау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.