#qyzylordatv

Сырдария ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербайұлын еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Дүбірлі додаға еліміздің бірнеше аймағынан және көршілес Өзбекстаннан командалар келді.

 Биыл дәстүрлі турнир 26-шы мәрте жалауын көтерді. Дүбірлі додаға еліміздің біршама аймағынан бас-аяғы 20 команда, 400-ден аса жас спортшы қатысып жатыр. Жарыс жасөспірімдердің шеберлігін шыңдап қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға жол ашуда.

 МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Бүгінгі осы халықаралық турнирге аймақ басшысы мені арнайы жіберген болатын. Соған сәйкес құттықтау хатын оқып беруге рұқсат етіңіздер. Құрметті жарысқа қатысушылар, қадірлі қонақтар баршаңызды мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербайұлыны еске алу арналған волейболдан дәстүрлі 26-шы халықаралық турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Ардақты ағамыз Елеу Көшербайұлының ғибратты ғұмыры, еңбек жолында іскерлік, биік мақсаттылықпен игі жанашырлық қасиеттері жас буынға үлгі өнеге. Халықаралық турнир ұлттық рухымызды асқақтатып, отаншылдыққа тәрбиелейтін байрақты бәсеке болады деп сенеміз.

 Айтулы шараға жиналған ел ағалары да турнирдің жас ұрпаққа берер тәлімі зор екенін айтты.

ӘЛІМЖАН КҰРТАЕВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ// Ағамыздың елге еткен еңбегін ол кісінің ұрпақтары Айтбай Елеуұлы, Қырымбек Елеуұлы, Болат Елеуұлы, Жомарт Елеуұлы жалғастырып келе жатқан жанұя. Турнир болашақ ұрпақ тәрбиелеуде орны ерекше. Егемендіктің арқасында қазір спорт саласы жылдан-жылға дамып келе жатыр. Бокс саласы, күрес саласы халықаралық дәрежелердегі үлкен жеңістерде қазақтың көк байрағын желбіретіп келе жатыр Қазақстанның волейболында сондай деңгейге көтереді деген сенімдеміз.

АБАЙ ДАУЫТОВ – ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ // Қоғам қайраткері Елеу Көшербаев ағамыз еске алуға арналған бұл халықаралық турнир. Қазіргі таңда 18 команда дайындықпен келді. Өзбекстаннан 2 команда, Шығыс Қазақстан, Астана, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келді. 00:52 Бұл турнир бірінші бастағанда облыстық деңгейде болған одан кейін республикалық деңгейде қазір халықаралық деңгейде.

 Ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортсүйер қауымның қызығушылығын арттыруда.

ГУНИОК ИГАМКУЛОВ - БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /ӨЗБЕКСТАН/ 5169 аударма //Қазақ халқы біздің көршілеріміз, бауырларымыз. Спорттан тәжірибе жинау мақсатында халықаралық турнирге келдік. Өзбекстаннан Жызақ қаласынан келдік. Барлық ұйымдастырушыларға рақмет айтамын.

 КАБУЛДЖАН ЕРДЕНБЕРДИЕВ - АҒА-БАПКЕР // Біз Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қаарабұлақ деген жерден келіп отырмыз. Жарыс өте дәрежесі биік, мықты командалар келген, осындай жарыс жылдан жылға өте берсін. Ниетіміз 1 орын алу, өктен жылы 1 орын алғанбыз, биыл сол нәтижені қайтадан жаңартсақ деп тұрмын. Мақсатымыз - чемпион болу.

НҰРСҰЛТАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ //Ақтөбе қаласынан келіп тұрмын. Бұл менің 10-шы жарысым. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

 Халықаралық турнир алаңында доп додасы қызып тұр. Әр команда жеңіске ұмтылып, жанкүйерлерге тартысты ойын сыйлауда.

 Айта кетейік, халықаралық турнирдің ақтық сыны қыркүйектің 26-сында өтеді. Сол күні үздіктер анықталып, жеңімпаздар медальдар мен арнайы сыйлықтарға ие болмақ.